ХАБАРЛАНДЫРУ! УАҚЫТША БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ! » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262)31-86-33
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ! УАҚЫТША БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! УАҚЫТША БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ! 

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлмінінің И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекетік мекемесі 

КОНКУРС жариялайды:


"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамыздағы бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.


Конкурс төмендегідей негізгі бос орынға жүргізіледі:

Қазақ-орыс тілдерін еркін меңгерген әлеуметтік-педагог маманы – 1 лауазымдық  бірлік (уақытша орын)


2023 жылдың 6 ақпаннан  бастап 14 ақпан аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.


Конкурс өткізілетін орын:

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлмінінің И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекетік мекемесінің әдістемелік кабинеті 


Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Самал мөлтекауданы 41, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы" КММ. Анықтама байланыс телефоны: 31-88-31


Мектептің ресми сайты:

http://39-taraz.mektebi.kz/


Лауазымдық міндеттері:

жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

      әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

      жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

      әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

      педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.



Еңбекке ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос лауазым атауы: 100000-150000 тг аралығында, қазақ-орыс тілдерін еркін меңгерген  әлеуметтік-педагог маманы – 1 лауазымдық  бірлік (уақытша орын)


Біліктілік талаптары: 

       жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат.

      Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;

      оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;

      озық тәжірибені енгізу;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 

наркологиялық ұйымнан анықтама; 

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) passa; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480. 

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.



Похожие публикации:

22 август 2022 БОС ОРЫН!!!
16 август 2022 БОС ОРЫН!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив