ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262)31-86-33
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
июль
2022

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
🔰Құрметті ата – аналар!
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес білім бөлімі Тараз қаласы бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсынып отыр.
Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі қою көк.
🤵🏻Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұсынылған минимум: жейде, кеудеше және шалбар.
🤵🏻‍♀️Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Юбкасының ұзындығы тізеден бес сантиметрден аспайды. 
❌Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
✅Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың жоғарғы бөлігінде орналасады. 
❌Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
✅Сонымен қатар, егер де былтырғы оқу жылынан қалған мектеп формасы болса, оны киюге рұқсат етіледі.
❗️Ескерте кететін мәселе мектеп әкімшілігінің жекелеген мектеп формасын шығарушыларды ұсынуларына жол берілмейтініне баса назар аударуларыңызды сұраймыз. Мәжбүрлеу фактілері болған жағдайда немесе басқа да сұрақтар бойынша 43-44-86 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив