07
декабрь
2019
2 "Г" сынып оқушысы Мұратхан Шейхисламның шығармашылық туындыларының көрмесі өтті
6.12.2019ж мектеп қабырғасында кішкентай ғана бүлдіршініміз - 2 "Г" сынып оқушысы - Мұратхан Шейхисламның шығармашылық туындыларының көмесі ұйымдастырылды. Шейхислам 2 жасынан бастап-ақ, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын көрсете бастады. Жастығына қарамастан түрлі байқаулардың белсенді қатысушысы, жақында ғана қала көлемінде өткен балалар көркемсурет байқауында Бас жүлдені иеленді. Шейхисламның қолынан шыққан туындыларынан әрдайым жанары жақсылықты ғана көретінін байқауымызға болады.Бейнелеу өнеріндегі ерекше қабілеті арқылы көрмені тамашалауға келген мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын тәнті етті. Адамға қабілет туа беріледі. Ал оны ұштау алдымен ата-анаға кейін баланың өзіне байланысты болса керек. Шейхисламның өнерін ұштауға әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-анасына алғысымыз шексіз! Жас дарынымызға үлкен белестерден көрініп, өнері шыңдалып, ел мәдениетіне үлес қосар тұлға болсын деп тілек білдіреміз!