01
октябрь
2023
«Қарттарым асыл қазынам!»
Қариялар қашанда елдің ұйытқысы. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ата-әжелеріміз қашанда құрметке лайық. Жөн сілтеп, жол көрсетер ардақтылардың мерекесі жыл сайын 1-қазан күні аталып өтіледі.
2023 жылдың 28 қыркүйегінде оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым асыл қазынам!» қайырымдылық акциясы өтті.
№39 мектеп гимназиясының «Жас Ұлан»,«Мектеп парламенті», «Асыл домбыра» оркестрі және «Шұғыла» бишілері «№2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына » қарттардың жүректеріне жылулық сыйлау мақсатында концерттік бағдарламасын ұсынды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Азимбаева қарттарымызды мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Кеш соңында қарттарымыз өз жылы лебіздерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/Cx2wumksdA_/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==