Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия
Жамбыл қалалық халық депутаттары Кеңесінің 1980 жылғы 30 тамыздағы №487 бұйрығымен мектеп ашылған. 1989 жылғы 16 наурыздағы 206 қаулысымен мектепке Совет Одағының батыры Иван Васильевич Панфилов есімі берілді. Осы жылдар арасында жақсы көрсеткіштерге жеткендіктен 2004 жылы мектеп-гимназия статусы берілді. Мектептің алғашқы директоры Бузаева Валентина Васильевна(1980-1982 ж.) .1982-2007 жылдар аралығында мектеп-гимназия басшылығында Исхакова Роза Багитова «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құрметті қызметкері», «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2008 жылдан мектеп директоры Ботабаева Зауре Несіпбай қызы 2017 жылы «Бейбітшілік Әлемі», Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Халық мұғалімі Народный Учитель» медалімен марапатталған.
Осы 37 жылдар аралығында 35 рет мектеп түлектері ұядан ұшқан. 6 түлек «Алтын» медалімен, 19 түлек «Күміс» медалін, 62 түлек «Ерекше аттестат» иеленсе, 2004 жылдан бастап Ұлттық Бірыңғай Тестен 12 түлек «Алтын Белгі», 9 түлегіміз «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Мақтанышпен айтатын түлектеріміз аз емес, атап айтсақ, «Болашақ» бағдарламасымен Баймұрзаев Нұржан, Қадырсизов Ержан,Нью-Йоркте білім алса, Англияның Манчестірін Ахметова Айман тамамдады. Ресей, Туркия, Қытай университеттерінде білім алған түлектеріміз бар. Әлі де болса білім алып жатқан түлектеріміз де аз емес. ҰБТ-ы көрсеткіштеріне оралсақ мектеп түлектері өз білімдерімен ерекшеленіп қала бойынша 5-10 –шы орындар аралығын иеленді. Оқушылардың білім сапасы 76-78 % -ды көрсетті. Сонымен қатар осы жылдар арасында Республикалық Ғылыми жобалар мен Республикалық пән Олимпиадаларынан жүлделі орындарды иеленіп Мемлекеттік Грант иегелері атанған оқушыларымыз:Саркулова Динара-биология (2006ж), Валов Константин –биология (2007 ж), Тажиханов Алишер – тарих(2015 ж), Тұрлыбеков Абзал-тарих (2016 ж), Абирбек Аяна-қазақ тілі мен әдебиеті (2015 ж), Мухамедов Әдікерім-математика (2017 ж), Қадірберген Аслан – математика (2017 ж), Эйнуллаев Тимур – физика (2017 ж).
Білікті мамандарымыз –Тарновская О.И., Есеналиева Э.М., Ди Н.В., Сарсенова А.Ы., Чиркина Т.М., Зулбухарова Р.Е., Пчелина Т.И., Усенбекова Н.А., Ниязбекова Л.М., Оңғарбаева Г.Б., Эдемова А.Р. атты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.