Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262)31-86-33
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы

Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы


Жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін білім алушыларды уақтылы анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Министр

Ғ. Бейсембаев


Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 3 наурыздағы

№ 61 бұйрығына

қосымша



Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар



1-бөлім. Жалпы ережелер


1. Осы Әдістемелік ұсынымдар жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған.

2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.

3. Мектепішілік есепке алу (бұдан әрі - МЕ) келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға;

білім алушыны білім беру ортасының жағдайына бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға;

ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге;

кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға;

білім алушыларға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталады.





2-бөлім. МЕА-ның тәртібі


4. Білім алушыны МЕА сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтің, пән мұғалімінің және басқа да мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұсынысы бойынша Профилактикалық кеңестің отырысында қаралады.

5. Мектептің Профилактикалық кеңесінің отырысы білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша өткізіледі.

6. Профилактикалық кеңес білім беру ұйымы қызметкерлерінің қатарынан (кемінде 5 адам) құрылады және білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

7. Білім беру ұйымының басшысы Профилактикалық кеңес төрағасы, хатшысы – әлеуметтік педагог немесе оны алмастыратын адам болып табылады.

8. Қажет болған жағдайда Профилактикалық кеңес отырысына қатысуға мүдделі мамандар (сынып жетекшісі, педагог-психолог, пән мұғалімі, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аймақтық полиция инспекторы, медицина қызметкері) тартылады.

9. Профилактикалық кеңес отырысына қатысу үшін мектепішілік есепке алу мәселесі қаралып жатқан білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері шақырылады.

10. Мектепішілік есепке алуды жалпы үйлестіруді білім беру ұйымы басшысының жауапты орынбасары жүзеге асырады, бақылауды білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді.

11. Профилактикалық кеңес отырысына дейін үш күн бұрын директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына білім алушыға мінездеме, психологиялық қорытынды, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (қажет болған жағдайда), кәмелетке толмағандармен, оның ата-аналарымен МЕА қойылғанға дейін жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы қысқаша ақпарат беріледі.

12. Профилактикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша білім алушымен, оның ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыстың жеке жоспары (бұдан әрі - ПЖЖЖ) бекітіледі.

13. Профилактикалық кеңес отырысының хаттамасында өткізілген күні, қатысушылар туралы деректер (аты-жөні (бар болса), лауазымы), күн тәртібі, тыңдау қорытындылары бойынша қысқаша үзінді көшірме, қабылданған шешім көрсетіледі. Профилактика кеңесінің хаттамасына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.

14. Әлеуметтік қауіпті жағдайға ықпал ететін себептер мен жағдайларды негізге ала отырып, ПЖЖЖ жеке ықпал ету шараларын көрсету жөніндегі іс-шаралар көзделеді: кәмелетке толмағанды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сабаққа қатысуын бақылау, сабақтардың қосымша кестесі, пәндері бойынша қарыздарын тапсыру мерзімдерін белгілеу, қажет болған жағдайда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мамандарына жіберу, профилактикалық әңгімелесу, сабаққа қатысу, мінез-құлықты түзету, жаңа дағдыларды дамыту, сабақтан тыс уақытта және бос уақытта, оның ішінде каникул уақытында жұмыспен қамту, ата-анамен жұмыс, жалпы оқыту қорынан көмек, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесіне кіретін мүдделі органдар мен ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасау.

Профилактикалық жұмыстың жеке жоспарының бір данасы ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілге беріледі.

15. Әрбір іс-шара бойынша жауапты тұлғалар көрсетіледі және нақты орындау мерзімдері белгіленеді.

16. Білім алушының жалпы МЕА мерзімі үш айдан алты айға дейін. Қажет болған жағдайда жеке профилактикалық жұмысты жүргізу мерзімдері Профилактикалық кеңес шешімі негізінде ұзартылады.

17. Егер ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер МЕА аясында мектеп ұсынатын көмектен бас тартса және балада туындаған проблемаларды шешуде шаралар қабылдамаса, білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияға:

кәмелетке толмаған баланы асырау, тәрбиелеу немесе оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге қатысты материалды қарау туралы;

кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ықпал етудің әкімшілік шаралары туралы;

әкімшілік жауаптылық белгіленген әрекетті жасаған кәмелетке толмаған адамға қатысты материалды қарау туралы ұсыныс береді;

білім алушыны ішкі істер органдарында есепке қою туралы.


3-бөлім. МЕА және одан шығарудың негіздемелері


18. МЕА үшін мыналар негіз болып табылады:

1) академиялық үлгермеушілік;

2) отбасындағы жайсыздықтар;

3) қадағалаусыздық, панасыздық, қаңғыбастық, қайыршылық;

4) мектептің Жарғысын және Мектептің ішкі тәртіп ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзу;

5) сабақтарға дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қатыспау;

6) әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

7) психикалық белсенді, уытты заттарды, есірткі құралдарын, спиртті ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу.

19. МЕА туралы шешім жауапты адамның өтініші бойынша сынып жетекшісінің, психологиялық қызмет мамандарының оң мінездемесі негізінде, сондай-ақ басқа да объективті себептермен (көшу, оқу орнын ауыстыру) Профилактикалық кеңесте қабылданады.

20. МЕА-да тұрған білім алушыны басқа білім беру ұйымына ауыстырған жағдайда жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпарат облыстың білім беру басқармасы органының әдістемелік қызметі бекіткен алгоритмге сәйкес оқу орны бойынша беріледі.

21. Осы Әдістемелік ұсынымдардың 18-тармағында көзделген негіздер туындаған жағдайларда есепке қайта қоюға жол беріледі.

22. Білім алушыны МЕ құқықтық салдарға әкеп соқпайды және білім беру ұйымының білім беру ортасы жағдайында уақтылы, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге арналған.

23. Кәмелетке толмаған баланы ішкі істер органдарында есепке қою жағдайларын қоспағанда, МЕ білім алушылардың саны білім беру ұйымының рейтингіне теріс әсер ететін көрсеткіш ретінде бола алмайды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив