
Күні кеше ғана «Жомарт түлек» жобасы аясында мектеп-гимназиямыздың 2005 жылғы түлегі, магистр, синолог, мемлекеттік қызметкер Молдашев Жандарбек Бақытұлы «Ағалар ізімен…» тақырыбындағы кездесу кешіміздің қонағы болды. 11-сынып оқушыларымен кездескен түлегіміз жетістікке жету жолындағы табыс баспалдағы туралы айта келіп, мотивациялық құнды ой-пікірлері оқушыларға ой салды. Сонымен қатар, атасы Батырхан Өмірзақовтың төл туындыларын «Өткен күндерден қалған іздер», «Атаусыз қалған жоқсың», «Өлеңім, сырым менің, шыным менің», екі тілде жазылған «Қанағат болған өлшемім», «Тарихқа тағзым» кітаптарын мектеп-гимназия кітапханасына тарту етті.
Отбасымен бірге келген Жандарбек Бақытұлының жары Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте аға оқытушы Уразбекова Мадина Халыковна ұлттық университеттің ерекшеліктерімен таныстырып, мамандықтар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеш соңында үлкен өмірге қадам басып, қанат қағуына себеп болған сынып жетекшісі, сүйікті ұстазы Усенбекова Нагима Абдимуталиповнаға шексіз алғысын білдірді. Мектеп-гимназия түлектері түрлі сұрақтар қойып, әсерлерімен бөлісті.