17
май
2023
«Түлектен ізгі тілек» тақырыбында өткізілген кездесу
17.05.2023 күні «Жомарт түлек» жобасы аясында мектебімізде кезекті кездесу болып өтті. «Түлектен ізгі тілек» тақырыбында өткізілген кездесуде мектебіміздің түлегі, волейболдан спорт шебері, І санатты төреші, Жоғары Лига әйелдер командалары арасында ҚР-ның 3 дүркін Чемпионы, 2 дүркін күміс жүлдегері Баялиева Назгүлім Болатқызы қонақта болды. Назгүлім бала кезінен волейболға қатысып, алдына үлкен мақсат қойып, қазіргі таңда өз ісінің майталманы болып отыр. Оқушылармен қызықты кездесуде мамандықтың қыр-сырын насихаттай білді.
