Жетістіктеріміз » Страница 13 » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Өрлеу БАҰО ұйымдастыруымен өткен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" VI Республикалық этномәдени Форумына бір бағыт бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ордабаева Аселдің оқушысы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Өрлеу БАҰО ұйымдастыруымен өткен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" VI Республикалық этномәдени Форумына екі бағыт бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мурагзамова Халима Тураповнаның оқушылары қатысып, жүлделі 2 орындарды иеленді.
Салауатты өмір-салтын қалыптастыру мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты өткізілген "Әскери-спорттық" ойындарына белсене қатысқаны үшін 1 орын Ақтілеу Дәулет, 2 орын Талғатұлы Дарын марапатталады.
5-6 сынып білім алушылары арасындағы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінде И.Панфилов атындағы №39 мектеп- гимназиясынан 3 сынып білім алушысы қатысып, нәтижесінде жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жеңімпаз шәкіртіміз бен жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі 3 орынмен оралған Өскенәлі Әдемі атты білім алушымыз ағылшын тілі пәнінен жоғары жетістік көрсетті. Жетекшісі : Исақанқызы Қарлығаш.
Мектеп-гимназиямыздың 2008-2010 жылдардағы қыздар командасы волейболдан қала көлеміндегі 61 мектептің ішінде жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты. Жетекшісі:Нұргелді Мұстафаев
2022 жылдың маусым айында өткен "ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА-2022" байқауына қатысып, қала көлемінен облысқа өткен жұмыстарымыздың барлығы жүлделі оралды.
Әріптесіміз, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асқарқызы Жанар Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының қызметін дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.