Ақпан айының 20-сы күні тарих пәні мұғалімі Каргашова Г.Д. 6 "Е" сыныбымен "Ақ Орда" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылар Ақ Орда мемлекетінің құрылу тарихымен танысып, түрлі тапсырмалар орындап, белсенділік танытты.
«Тарих және жаһандық құзыреттілік» пәндері әдістемелік бірлестігі айлығы аясында ақпан айының 20-сы күні тарих пәні мұғалімі Қауан Нұрбек Дүйсебайұлы 9 «В» сыныбымен құқық негіздері пәнінен «Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылар әкімшілік құқықбұзушылық түрлері мен белгілерін анықтап, жағдаяттарды талдап, әкімшілік жауапкершіліктің түрі мен қолдану тәртібін меңгерді.