Басшының есебі: Онлайн шеберхана
И.Панфилов атындағы № 39 мектеп- гимназия бойынша
«ТАБЫСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛІ» тақырыбында шығармашылық-шеберлік жоба жұмыс жасайды.
Тақырыбы:
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Мақсаты:
Педагогтардың кәсіби, тұлғалық құзіреттілігінің дамуына ықпал ете отырып, оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, білім сапасын көтеру.
Міндеттері:
- Шығармашылық топ және қоғамдастық құра отырып, мұғалімдердің кәсіби даму қарым-қатынасын жетілдіру;
- Тәлімгерлік жұмысты қолдана отырып, мұғалімдер тобымен алқаласып және бірлесіп жұмыс жүргізу;
- Сапалы білім беруде топтық жұмыстар арқылы барлық оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- Мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекетінің тиімді түрлерін жандандыру;
- Мұғалім және оқушы арасындағы сенім мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру;
- Білім сапасын арттыруда, оқытудағы тиімді платформаларды қолдана отырып, нәтижеге жету.
Зерттеу объектісі:
Нәтижеге бағытталған білім беруді жүзеге асыратын шығармашыл ұстаздар қауымы
Зерттеу кезеңдері:
1. Теориялық іздену кезеңі (2020-2021 жж)
2. Ендіру, байқау кезеңі (2021-2023 жж)
3. Қорытынды (2023-2024 жж
Нәтиже:
Өз идеяларын анық әрі нақты жеткізе алатын қоғамның белсенді мүшесі болатын мұғалім және бәсекеге қабілетті өз ойын еркін жеткізетін, білімді оқушы қалыптасты. «Табысты басшы-табысты мұғалім-табысты оқушы-табысты мектеп» моделі құрылып, нәтижеге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Дәлелдемесі: https://www.youtube.com/watch?v=fFH9j0ROMl4&t=1s