«ТЬЮТОР»
2026 жылдың 26 наурызында И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетуді көздейтін облыстық білім басқармасының «ТЬЮТОР» жобасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында семинар өтті. Шараға осы жоба аясында гимназияға бекітілген № 9, № 20, № 46 орта мектептердің педагогикалық ұжымының өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты: Бірыңғай білім кеңістігін құру және гимназияның озық педагогикалық тәжірибесін