ҰСТАЗДАР КӨПСАЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262)31-86-33
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2023

ҰСТАЗДАР КӨПСАЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ

ҰСТАЗДАР КӨПСАЙЫСТАН
СЫНҒА ТҮСТІ

​ ​ Бүгін Тараз қаласындағы «Ұлан» спорт кешенінде Президенттік көпсайыстан жалпы ұстаздар арасында Оңтүстік аймақтық Қазақстан чемпионаты өтіп, тұңғыш рет өткен додаға Алматы, Шымкент қалалары мен ​ Жамбыл, Түркістан, және Ұлытау облыстарынан келген ұстаздар қатысты.
​ ​ ​ Президенттік көпсайыс спортын дәріптеу арқылы дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту және ұстаздар арасында дене шынықтыру даярлығы мен ​ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Президенттік сынақ және президенттік көпсайыс федерациялар одағы мен «Спорт жұлдыздары» журналы бірігіп өткізген аймақтық чемпионат ендігі жерде әр өңірде өтіп, күзде Астана қаласында қорытындысы шығарылатын болды.
   Таразда өткен додада ерлер арасында 24-34 жас аралығында Әбдіқұл Алихан (Түркістан облысы, Төле би), 35-39 жас аралығында Өмірбеков Аят (Жамбыл облысы, Меркі), 40-49 жас аралығында Кулчиков Қалмұрат (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов), 50-59 жас аралығында Ахметов Жалғасбек (Тараз) және 60 жастан жоғары жастағылар арасында Молдыбаев Аманбай (Тараз) оңтүстік аймақтың чемпиондары атанды.
​ ​ Әйелдер арасында Мейркулова Анастасия (24-34 жас) мен Аяғанова Айгүл (40-49 жас) үздік шықты. Екеуі де Тараз қаласынан.
​ ​ Ұстаздарға өздерін сынап көруге және шеберліктерін шыңдауға осындай мүмкіндік бергені үшін Президенттік сынақ және президенттік көпсайыс федерациялар одағының вице-президенті Саят Нәдірбекке айтар алғысымыз шексіз. ​ Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Еркін Бақтияров 
"СЖ"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив