Раптаева Гульнара Муратбековна » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп - гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262)31-86-33
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2023

Раптаева Гульнара Муратбековна

Білімі: Арнаулы орта  1989-91ж.ж.   «Абай» атындағы Жамбыл педагогтік училищесі, «Үздік белгі» диплом МТ-1, № 209362
Мамандығы: Бастауыш класс мұғалімі.  Жоғары, 1992-97жж. Жамбыл педагогтік институтына түсіп, 
М.Х.Дулати атындағы Жамбыл Университетінің толық курсын бітірді, диплом ЖБ-ІІ  № 3172755
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Мамандығы бойынша біліктілік санаты: Педагог-шебер (2020 жылғы тамыз айынан)
Педагогикалық еңбек өтілі: 30 жыл 
Еңбек жолы:     
1991 ж. № 49 орта мектебі, бастауыш сынып пәні мұғалімі, Жамбыл қ.
1995-98 жж. қазақ тілі пәні мұғалімі, «Тұрғын үй» мекемесі, Тараз қ.
1998-99 жж. №5 қазақ орта мектебі,бастауыш сынып мұғалімі,Тараз қ.
1999-2006 жж. №5 орта мектебі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тараз қ.
2006-2011жж. №11 орта мектебінің директоры, Тараз қаласы.
2011-2017 ж.ж. №43 орта мектебінің директоры, Тараз қаласы. 
2017-2021 ж.ж. И.Панфилов атындағы № 39 мектеп-гимназиясында директор (бүгінгі күнге дейін)  
Білімін жетілдіру курстары: 
  • 2007ж. Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты «Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда білім жүйесін басқару жолдары» куәлігі, Тараз қаласы. 
2010ж.   Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардыңбіліктілігін арттыратын республикалық институты «Проектирование
внутришкольного управления: анализ, планирование, организация и контроль» сертификаты, Алматы қаласы.
  • 2011ж.    Республикалық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты «Трехмерная методическая система обучения» академика МАНПО Ж.А.Караева»  сертификаты, Алматы қаласы.
  • 2011ж.  Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Проблемы формирования правовой и деловой культуры руководителей общеобразовательных учреждений», Тараз қаласы.
  • 2011ж.   «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі дайындық»
курсының куәлігі, Тараз қаласы,
  • 2013-2014жж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 9 айлық курс, Астана қ. 
  • 2014ж. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсы, Алматы қ.
  • 2017ж. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша басшылардың білімін жетілдіру курсы, Тараз қаласы, ПШО.
  • 2019 ж. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Тараз қаласы, «Өрлеу» БАҰОАҚ
  • 2020 ж. «қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау: сайлау процесінің құқықтық ннегіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқудың курсын аяқтады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы.
  • 2021 ж. «білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі оқу курсын аяқтады. Тараз қаласы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО 
Марапаттары: 
  • 2001ж.   Тараз қалалық  білім басқармасының және қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ    ұйымының  Мақтау грамотасы; 
  • 2002ж.   Облыстық білім басқармасының  Құрмет  грамотасы;
  • 2007ж.   «Нұр Отан» Халықтық  Демократикалық  партиясының ҚР Парламент
  • Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау  жұмысы кезіндегі белсендігі үшін  Алғыс хаты;
  • 2013ж.   Алматы қаласы білім  басқармасы «Бесінші халықаралық, Республикалық «Ғұмырдария» жасөспірімдер және балалар шығармашылығы ән-би байқауына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хаты;
  • 2013ж.   Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің VІІ қалалық «Мұқағали оқуы» байқауында «Ақын шығармалары желісінен көрініс көрсету» номинациясы бойынша жүлделі І орын иегері  Дипломы;
  • 2013ж.   «Нұр Отан» Халықтық  Демократикалық  партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға және қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салысқаны үшін Құрмет грамотасы;
  • 2016ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
  • 2016ж. «Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» қалалық байқауының «Жаңашыл басшы» номинациясы,  облыстық байқауда Бас жүлде иегері. 
  • 2016 ж. «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша басшылардың 9 айлық курсын жоғары деңгейде аяқтағаны үшін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Алғыс хатпен марапатталған.
  • 2018 ж. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің төсбелгісімен марапатталды.
  • 2019 ж. «Білім беру саласындағы игілікті ісіңіз бен жоғары іскерлігіңіз және жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз үшін» Алғыс хатпен марапатталған. «Өрлеу» БАҰОАҚ
  • 2019 ж. Тараз қалалық мектеп басшылары арасында өткен «Табысты менеджер-2019»  байқауында Тараз қаласы бойынша Бас жүлде иеленген. Тараз қаласы, маусым айы.
  • 2019 ж. Жамбыл   облыстық мектеп басшылары арасында өткен «Табысты менеджер-2019»   байқауында Жамбыл облысы бойынша Бас жүлде иеленген. Тараз қаласы, қазан айы.
  • 2020 ж. Тараз қалалық «Үздік авторлық бағдарлама-2020» байқауында жүлделі ІІ орын иеленгені үшін» Мадақтамамен марапатталды.
  • 2020 ж. Жамбыл   облыстық «Үздік авторлық бағдарлама-2020» байқауында жүлделі ІІ дәрежелі  Дипломмен  марапатталды.
  • 2020 ж. «Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
  • 2020 ж. «Кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Алтын глобус» халықаралық білім мен  ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған. 
Қосымша мәліметтер
1995-98жж. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Государственное коммунальное предприятие по оказанию жилищно ремонтных услуг» мемлекеттік мекемесінде орыс халқының өкілдеріне қазақ тілінен дәріс бердім. Мектеп қабырғасында, училищеде және университетте өз топтарымның арасында басшылық жасап, жетекшілік роль атқардым. Негізгі еңбек жолымды № 49 орта мектебінде бастадым. № 5 «Жамбыл» атындағы қазақ орта мектебінде  жұмыс жасаған жылдары дарындылығыммен, іскерлігіммен, қабілеттілігіммен, білімділігіммен ұжым  ортасында беделге ие болдым. Қалалық мұғалімдер арасында өтетін КВН, олимпиада, түрлі сайыстарға белсене қатысып, көрсеткіштерге ие болдым. Еңбектерім Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», Жамбыл облыстық ғылыми  әдістемелік  «Озық сабақ» журналына, «Халық тәлімі», қалалық «Жамбыл Тараз»  газеттеріне мектеп өмірінде өтіп жатқан игі істер, жаңалақтар жайлы, мектеп көрсеткіштері мен жетістіктері туралы, озық сабақтар және мектептен тыс басқа да тақырыптар жарық көрген. 1995-2020 жылдар аралығында Республикалық, Жамбыл облыстық баспасөз беттерінде түрлі тақырыптардағы мақалалар мен үздік ашық сабақтар, баяндамаларым жарық көрген. 
Ерекшелігі: 
Өз ортасында тез тіл табысып, жұмысты өрбіте жүргізе біледі. Ата-аналармен,
оқушылармен, ұжыммен бірлесіп жұмыс жасап, жақсы нәтижеге ие болды. Еңбек
жолын қатардағы жұмысшылықтан бастап, бүгінгі күні мемлекеттік  мекемені басқарып, басшы ретінде танымал болды.
№ 11 мектеп табыстары мен жетістіктері:
2006-2011 жылдар аралығында № 11 басшылық жасаған уақытта, мектептің өміріне үлкен үлес қосып, білім сапасын көтеріп, ҰБТ қорытындысы бойынша 
ең соңғы сатыдан,    қала мектептері  бойынша 2- ші ондыққа, кейіннен  15 орынға
көтерілді. 2006 жылы мектепті түгелімен күрделі жөндеуден өткізуге ат 
салыстым. 
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде  2009-2010жж. оқушылары әр түрлі бағытта қала, Облыс және Республика көлемінде 76 жүлделі орындарға ие болдық. 
№ 43 мектеп табыстары мен жетістіктері:  2010-2017 жылдар
Cоңғы үш жылда мектебіміз халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде пәндік, кәсіби байқаулар және тәрбие бойынша байқаулардан 334 жүлделі орындарды иеленді. Соның ішінде Халықаралық «ЭКО мектептер» бағдарламасының жоғары деңгейін жеңіп алып, Қазақстан мектептері бойынша бірінші болып «Жасыл туды» алдық.  
№ 39 мектеп-гимназия табыстары мен жетістіктері: 2017-2021 жылдар 
2017-2018 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде пәндік, кәсіби байқаулар және тәрбие бойынша байқаулардан мұғалімдер мен оқушылардың 1000-нан аса  жүлделі орындар иеленуіне басшылық жасады.
Үздіксіз еңбектің арқасында 2017 жылы қала көлеміндегі 60 мектептің ортасында 32-ші орыннан 2020 жылы «Инновациялық мектеп» номинациясын иеленіп, қала көлеміндегі 60 мектептің ортасында алғашөқы бестікке еніп, 4-ші орынды иеленді.
Жеке қасиеттері:  
Жауапкершіліктік, мақсаттылық, жан-жақтылық, талапшыл, ұжыммен жұмыс істей білу, ұйымдастырушы және басқарушы қабілеттері, алдына қойған міндеттеріне шығармашылық көзқарас.                                                   
Құштарлығы:    
Кітап оқу, ән салу, домбырада ойнау, жазушылық қабілеті, өлең жазу, спорттың жеңіл түрімен (жүгіру, гимнастика) айналысу, автокөлік, компьютерлік жаңа технологиямен ақпараттану.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив