2023-2024 оқу жылы мектеп формасы
2023-2024 оқу жылы мектеп формасы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31563 болып тіркелді
Ұлдардың мектеп формасы:
Пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері
бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска
(қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін
тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе
сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы
уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар
еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
