Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы 2018-2019 оқу жылы ,қазан айы
Мектеп –гимназия директорының 2018 жыл 1қыркүйек №290/3 бұйрығы негізінде 3 қазан күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтандырудың сапасын басшылыққа алынды.
Тексеру жүргізгендер:
1) Раптаева Г.М- комиссия төрайымы, мектеп - гимназия директоры
2) Дүйсембаева Э.А– мүшесі,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3) Орашева П.К, Баймурзина Г.С- мүшесі әлеуметтік педагог
4) Мустафаева Б.И- мүшесі, мектеп медбикесі
5) Тұрсынова Г.П- мүшесі,кәсіподақ ұйымының төрайымы
6) Тренинская Н.Н– ата-аналар комитетінің төрайымы;
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Асханаға келіп түскен тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары .балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды: қабылданатын өнімдердің сапасына, оларды сақтау шарттарына, өткізу мерзімдерінің сақталуына, дайындау технологиясына, дайын тағамның сапасына, ас блогының санитариялық жағдайы.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыруы және қорытындысы бойынша:
Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияда 2019 оқушының 927 оқушысы жалпы ыстық тамақпен қамтылған,оның ішінде 196 оқушы тегін тамақпен қамтылған.Қалған оқушылар буфеттік тағамдар алуда. Олардың ақылы және ақысыз тамақтануын сынып жетекшілер және мектеп социологтары қадағалайды.
Зерделеу барысы 2 үзіліс 1 ауысым 2 «а», 1 «д», «е», «з» сынып оқушылары тамақтануда .Оқушылар дайындалған өз стөлдеріне отырып тамақтануда.Ас мәзәрі
Тауық етінен жасалған котлет 40/20гр,қарақұмық тұнбасы 100гр,орамжапырақ салаты 30гр,компот 200гр,нан 35гр. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы,азық-түлік сақтайтын қоймалар,жеміс-көкөніс сақтайтын орындар,тамақ әзірлейтін,ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер,азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракираждық журнал уақытылы толтырылған.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Ата-анамен басқа бақылаушылыр тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған.Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының 70 % құрайды. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Комиссия асхана жұмысын жан-жақты тексеріп,төмендегідей шешімге келді.
Шешім :
1.Тамақ өнімдерінің сапасы,тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3.Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.
5.Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы О.В
Мижерицкаяға ескертіліп,дер кезінде жойылсын.
Ұсыныс :
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі,сынып жетекшілер және әлеуметтік педагогтар тарапынан қадағалансын.
2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.
Раптаева Г.М- комиссия төрайымы, мектеп - гимназия директоры
Дүйсембаева Э.А– мүшесі,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Орашева П.К, Баймурзина Г.С- мүшесі әлеуметтік педагог
Мустафаева Б.И- мүшесі, мектеп медбикесі
Тұрсынова Г.П- мүшесі,кәсіподақ ұйымының төрайымы
Тренинская Н.Н– ата-аналар комитетінің төрайымы;