29
апрель
2026
«Қазақ тілінен қорытынды аттестаттауға тиімді дайындық: әдіс пен тәжірибе»
Облыстық тьюторлық жоба аясында ұйымдастырылған іс-тәжірибе алмасу семинарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Касимова Р.К., Еликбаева А.А. «Қазақ тілінен қорытынды аттестаттауға тиімді дайындық: әдіс пен тәжірибе» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тапсырмаларды орындауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар ұсынылды. Қатысушыларға тест тапсырмаларын талдау, жиі кездесетін қателерді анықтау және оларды болдырмау стратегиялары түсіндірілді. Коучинг интерактивті форматта өтіп, мұғалімдер өз тәжірибелерімен алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұсынылған әдістердің тиімділігін атап өтті.