29
апрель
2026
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ЖИ-ді тиімді қолдану»
Бүгін сөз өнері мен заманауи технология үндескен тағылымды коучинг өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ЖИ-ді тиімді қолдану» тақырыбы аясында ұйымдастырылған бұл кездесуде тіл мен танымның жаңа мүмкіндіктері кеңінен ашылды.
Коучинг жетекшілері Мейрамбек А.М. мен Мадихан Д.Қ. жасанды интеллекттің білім беру кеңістігіндегі рөлін терең пайымдап, оны сабақ мазмұнымен шебер ұштастыру жолдарын көрсетті. Ұстаздар қауымы қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жасаудың жаңа үлгілерін меңгеріп, әдебиет сабағында комикс арқылы көркем ойды жеткізудің тың тәсілдерін тәжірибеде байқап көрді. Абайдың 17 қара сөзіне жаңаша көзқарас танытып, оны визуалды форматта қайта сөйлету – шығармашылық ізденістің жарқын көрінісіне айналды.
Сонымен қатар, сабақ үдерісін жандандыратын интерактивті әдістер мен цифрлық құралдар тиімді қолданылып, мұғалімдер өз тәжірибесіне енгізуге болатын нақты дағдыларды игерді. Бұл ретте Canva, Gemini, ChatGPT платформаларының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылды.
Бұл коучинг – дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы, сөз құдіретін жаңа технологиямен сабақтастырған тағылымды тәжірибе болды.