29
апрель
2026
«Мұнай индустриясы. Сөз дәлдігі»
Бүгінгі семинар – тәжірибе мен тағылым тоғысқан тағдырлы сәттердің бірі болды.
Филолог маман ретінде әр сабақтың тек білім берумен ғана шектелмей, тілдің нәзік иірімдерін танытатын рухани алаң екені айқын көрінді. Осы орайда Сауранбаева Л. тарапынан «Мұнай индустриясы. Сөз дәлдігі» тақырыбындағы панорамалық сабақ әріптестермен бөлісіліп, мазмұнды тәжірибе ұсынылды.
Сабақ барысында оқушылардың сөз таңдау мәдениетін қалыптастыру, ойды жүйелі жеткізу, тілдік талғамды жетілдіру бағытында түрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы білім алушылар тек ақпарат меңгеріп қана қоймай, сөздің құдіретін сезініп, оны орынды қолдануға дағдыланды. Әсіресе, кәсіби лексиканы іріктеп, оны жазба тілде түрлендіру тапсырмалары оқушылардың тілдік икемділігін арттыруға ықпал етті.
Панорамалық сабақ – ұстаздың әдістемелік шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің көрінісі екені семинар барысында анық байқалды. Әріптестер тарапынан айтылған жылы пікірлер мен мазмұнды ұсыныстар тәжірибенің құндылығын арттыра түсті.
Ұстаздық жол – үздіксіз ізденіс пен дамудың жолы. Осындай тағылымды кездесулер педагогтердің кәсіби өсуіне тың серпін беретіні сөзсіз.