29
апрель
2026
“Өлең, мен сені аялап өтем”
Облыстық тьюторлық жоба аясында ұйымдастырылған іс-тәжірибе алмасу семинарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туймебекова М. К Ф. Оңғарсынова “Өлең, мен сені аялап өтем” өлеңінің тілі атты понарамалық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім әдебиет пәнін оқудағы әдіс-тәсілдермен және тиімді оқыту жүйесімен бөлісті. Сабақ барысында ЖИ тиімді қолданылды. Әр түрлі қосымшаларда тапсырмалар орындау жолдарын көрсетті. Понарамалық сабаққа қатысқан ұстаздар іс-тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Сабақ соңында қатысушылар кері байланыс берді. Ұсынылған әдістерді болашақта қолданатындығын айтты.