«Тарих – халықтың жады, ұлттың рухани-мәдени тірегі»
2025-2026 оқу жылы, ақпан айының 20-сы күні «Тарих және жаһандық құзыреттілік» пәндері әдістемелік бірлестігі айлығының «Тарих – халықтың жады, ұлттың рухани-мәдени тірегі» - атты қорытынды іс-шарасы өткізілді. Мақсаты - тарих апталығы барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылау, оқушылардың тарихи танымын, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында «Тараз – бабалар мұрасын сақтаған шаһар» тақырыбында жылжымалы көрме, «Бабалар мұрасы – мәңгілік аманат» атты тарихи