29
апрель
2026
«Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері»
Облыстық тьютор жобасы аясында өңіріміздегі тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында кезекті семинар-коучинг ұйымдастырылды. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Сарсенова Айнур Ыдырысқызы «Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткізді. Коучинг барысында қазіргі білім беру жүйесіндегі басты бағыт – оқушының алған білімін өмірде қолдана алу дағдысын (функционалдық сауаттылық) дамыту мәселелерін тереңінен қозғады. Тьютор тарих сабағында тек даталарды жаттату емес, ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, тарихи дереккөздермен жұмыс істеу және себеп-салдарлық байланысты анықтау әдістерін іс жүзінде көрсетті.