29
апрель
2026
«Дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін жетілдіру»
Облыстық тьютор жобасы аясында өңіріміздегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында тарих пәні мұғалімдерінің кезекті семинар-коучинг ұйымдастырылды. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Есеналиева Эльмира Маметайқызы «Дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін жетілдіру» тақырыбында өткізді.
Коучинг барысында ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры екендігі, ұлт болашағының ұрпақ тәрбиесімен, ал оның сапасының ұстаз қолында екендігі кеңінен талқыланды. Семинардың негізгі мақсаты – дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау жолдарын қарастырып, олардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу және тәжірибе алмасу болды.Іс-шара барысында мұғалімдер дарындылық туралы ғылыми көзқарастармен танысып, оқушылардың қабілетін анықтау мен дамыту әдістерін көрсетті. Сонымен қатар вербальді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде қолданып, дарынды балалармен тиімді жұмыс жүргізудің түрлі формаларын практикалық тұрғыда қарастырды.